Скринингтен кім және қашан өтуі керек?

Скрининг – сырқаттанбай тұрып, денсаулық жағдайын тексеру. Ол ауруды ерте кезеңде анықтауға және асқынулардың алдын алуға көмектеседі.

Скринингтен өту үшін жеке куәлігіңізбен тіркелген емханаңызға бару керек. Сондай-ақ, емхананың тіркеу бөлімі, call-орталық немесе мобильді қосымшасы арқылы алдын ала жазылуға болады. Көп жағдайда дәрігерлер пациенттерді тізім бойынша өздері шақырады.

Айта кетерлігі, қазір онкологиялық скринингтер МӘМС жүйесіндегі мәртебенің бар-жоғына қарамастан, барлық азаматтарға қолжетімді.

Денсаулығыңызды қорғаңыз – скринингтен уақытылы өтіңіз!

АИТВ - заманауи емдеу

 АИТВ-мен өмір сүретіндерге заманауи емдеу толыққанды өмір суруге мүмкіндік береді

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында емханамыздың кардиолог дәрігері Назира Тиыштыковна Маломанова ElordaInfo.kz тілшісіне сұхбат берді

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында емханамыздың кардиолог дәрігері Назира Тиыштыковна Маломанова ElordaInfo.kz тілшісіне сұхбат берді.

Сұхбат барысында дәрігер еңбек жолы және пациент сенімінің маңыздылығы туралы ой бөлісті.

Сұхбаттың толық нұсқасы сілтемеде https://elordainfo.kz/article/nazira-malomanova-dariger-ozine-senimdi-bolsa-sol-senimdi-pacientinin-sanasyna-uialata-alady

Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара

19 маусым күні Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Адам өмірі мен денсаулығын қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық медицина қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Салтанатты жиында өз ісіне адалдық танытып, кәсіби шеберлігімен ерекшеленген әріптестеріміз марапатталып, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды.