Назар! Ашық есік күні!
- Жарияланды 19.05.2023 11:41
- Қаралды: 281
20 мамыр, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін №7 қалалық емханада дерматовенеролог дәрігерінің ашық есік күні өтеді.
Консультацияны -дерматовенеролог, Қазақстандық дерматовенерологтар мен трихологтар қауымдастығының мүшесі Анастасия Павловна Дунь жүргізеді.
318 кабинет, ересектер ғимараты.
«Кәсіптік аурулардың алдын алу» тақырыбында семинар өтті
- Жарияланды 18.05.2023 18:32
- Қаралды: 280
2023 жылы 18 мамырда № 7 қалалық емханасында балалар ғимаратының акт залында «Сity Card Medical» медициналық денсаулық орталығы «кәсіптік аурулардың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарда кәсіби аурудың негізгі себептері мен кәсіби аурулардың ең көп таралған түрлері талқыланды.
Гипертониямен күрес күніне арналған ашық есік өтті
- Жарияланды 18.05.2023 17:54
- Қаралды: 282
2023 жылдың 18 мамырында №7 қалалық емханада «OMRON» компаниясының өкілімен Гипертониямен күрес күніне арналған «Артериялық қысымыңызды дәл өлшеңіз. Оны басқарыңыз. Ұзақ өмір сүріңіз» атты акция өтті. Шара барысында қан қысымын өлшеудің дұрыс техникасы, сондай-ақ қан қысымын өлшеу кезінде жиі кездесетін қателіктер бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Жаңа сымсыз тонометрлер мен жүрекшелердің фибрилляциясын анықтау мүмкіндігі бар тонометрлер таныстырылды.
Дүниежүзілік меланомамен күрес күні аясында
- Жарияланды 17.05.2023 15:09
- Қаралды: 270
Сенбі күні, 20 мамырда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Ұлттық онкологиялық ғылыми орталығының клинико-диагностикалық орталығында терінің қатерлі ісіктерінің алдын алу және ерте анықтау бойынша ашық есік күні өтеді.
Акция Дүниежүзілік меланомамен күрес күні аясында өткізілуде.
Меланома тері қатерлі ісігінің сирек кездесетін, бірақ өте қауіпті түрі және медициналық тексеруді қажет етеді!
Тері обырын ерте диагностикалаудың маңыздылығы дамудың бастапқы кезеңдерінде емделу ықтималдығының айтарлықтай артуымен түсіндіріледі.
Ашық есік күнінде емделушілер онкологтардың тегін білікті кеңесін ала алады және дерматоскопиялық тексеруден өтеді.
№7 Қалалық емханасында - Шұғыл медициналық көмек бөлімшесі жұмыс істеп бастады
- Жарияланды 17.05.2023 14:58
- Қаралды: 282