Назар! Хабарландыру!

Дүниежүзілік сүт безі обырына қарсы күрес күні аясында 2023 жылдың 21 қазанында сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін №7 қалалық емханасы әйелдерді маммологтың қатысуымен өтетін Ашық есік күніне шақырады.

Осы күні:

- сүт безі обырын ерте диагностикалау үшін маманнан жеке ақпарат алуға болады

- көрсеткіштер бойынша ультрадыбыстық зерттеу мен маммографиядан өтуге болады

Тұмаудан сақтаныңыздар!

АСТАНАДА МСАК БОЙЫНША ЖАҺАНДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ДДҰ-ҒА МҮШЕ 80 ЕЛДЕН ДЕЛЕГАЦИЯЛАР ЖИНАУДЫ КҮТУДЕ

Қазақстан Республикасының Үкіметі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен 2023 жылғы 22-23 қазанда Астана қаласында өтетін МСАК бойынша Алматы Декларациясының қабылдануының 45 жылдығына және  Астана Декларациясының қабылдануының 5 жылдығына арналған  медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты пікір алмасу, 2018 жылдан бастап МСАК бойынша Астана декларациясының  міндеттемелерін орындау қорытындыларын шығару, нақты нәтижелер мен жетістіктерді көрсету, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуды қамтамасыз ету үшін МСАК рөлін талқылау болып табылады.

Сүт безі қатерлі ісігінің ерте белгілері қандай?

Ісік ерте кезеңінде анықталмайды, ауру сезімі, түйіндер, бөлінділер жоқ, әйелді ешнәрсе мазаламайды. Сондықтан 40 жастан бастап скрининг өту, маммография жасау қатерлі ісікті ерте кезеңінде анықтауда өте маңызды.

Ерте қатерлі ісікті тек маммографияда көруге болады. Сүт безінің қатерлі ісігі ерте кезеңде топтасқан микрокальцинаттар ретінде көрінеді. Яғни бұл - рентген суретте ғана көруге болатын өте майда нүктелер. Сондықтан әйелдер 40 жастан бастап скринингтен өту керек.

8-11 сынып қыздарына арналған тренинг-дәріс өтті

Акушер-гинеколог, психолог және Салауатты өмір салты дәрігері №42,43,37,52,64 мектептерде «Жасөспірімдер арасында ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбында 8-11 сынып қыздарына арналған тренинг-дәріс өткізді.

Дәріс достық қарым-қатынаста және сенімді ортада өтті, оқушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды, ақпараттық материалдар таратылды.