Жүкті әйелдер мен емізетін аналарға Ашық есік күні өткізілді

2023 жылы 03 тамызда №7 Қалалық емхана базасында дені сау бала кабинетінде жүкті әйелдер мен емізетін аналарға Ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - емшек сүтімен емізу, емізетін әйелді тамақтандырудың маңыздылығы,емізетін әйелді қолдау, емшек сүтімен емізуге бейімділікті қалыптастыру, емшек сүтімен емізуге ықпал ететін аналардың негізгі құқықтарын қорғау шаралары, сондай-ақ жұмысқа шыққаннан кейін жұмыс орнында тиісті жағдай жасау. Іс-шара мейірімді және сенімді ортада өтті. Әйелдер қызықтыратын сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.

Назар! Хабарландыру!

Құрметті №7 қалалық емхананың емделушілері мен келушілері!

Дүниежүзілік бала емізу апталығына орай,  2023 жылдың 3 тамызында  сағат 10:00 – ден 14:00 – ге дейін емхананың балалар ғимаратының 313 дені сау бала  кабинетінде Ашық есік күні өтеді. Жүкті әйелдер мен балалы аналарды, сондай-ақ олардың жақындарын шақырамыз!

Осы күні:

- Баланы емізу туралы педиатрдан кеңес алуға болады

- қосымша тағамдарды біртіндеп қосу және емізуді аяқтау дағдыларын үйрету бойынша ақпарат аласыз.

 

Емізудің артықшылықтары

Емізудің артықшылықтары

  • Тамақтандыру қауіпсіздігінің кепілі, баланы инфекциялардан қорғау
  • Баланың өсуі мен жетілуіне пайдасы (физикалық және интеллектуалды дамуына)
  • Тамақтандыруға қаржылық шығындардың болмауы
  • Әйелдердің ауру қаупін төмендету

Дұрыс емізудің негізгі қағидалары

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өтті

28 шілде 2023 жылы №7 қалалық емхана қызметкерлеріне Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы және Діндерді зерттеу орталығы қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, діни экстремизмнің алдын алу және зайырлылық идологиясын ілгерілету мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Кездесу барсында Діндерді зерттеу орталығының өкілдері Ділдаханов Ақжан және психолог Садыкова Жаңагүл қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.