Балалардың судағы қауіпсіздігінің ережесін сақтаңыздар
- Жарияланды 12.07.2023 10:07
- Қаралды: 280
Құрметті ата-аналар балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар!
Балалардың судағы қауіпсіздігінің ережесін сақтаңыздар:
Белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда жағадан алыс жүзбеу керек;
Кемеге жақын жүзуге болмайды;
Таяз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды;
Балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша ата-аналарға арналған жадынама
- Жарияланды 13.06.2023 19:27
- Қаралды: 262
Балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша ата-аналарға арналған жадынама
Құрметті ата-аналар!
Жыл сайын жазғы-көктемгі маусымның басталуымен терезеден құлаған кезде балалардың қаза болу жағдайлары тіркеледі!
Әдетте, құлаудың барлық жағдайларында балалар әр түрлі жиһаздарды тіреуіш ретінде пайдаланып, терезеге өздігінен көтеріліп, москит торына сүйеніп, онымен бірге терезеден құлады. Сонымен қатар, құлаудың басым көпшілігі ересектердің балалардың мінез-құлқын бақылауының болмауынан, терезелерді жабуды ұмытып кететін туыстары мен жақындарының алаңдаушылығынан, терезелерде блокаторлар немесе терезе тұтқалары-құлыптардың болмауынан, жиһаздың дұрыс орналаспауынан, балалардың терезелерге өздігінен көтерілуіне мүмкіндік беруден және жабық терезенің елесін тудыратын масалардың торларының болуынан болды.
Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
- Жарияланды 01.06.2023 12:17
- Қаралды: 282
2023 жылдың 1 маусымында №7 қалалық ауруханада Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Шара барысында емхананың психологтары мен әлеуметтік қызметкерлері балаларға арналған би жаттығуларын жүргізді,балалар тротуарға қарындаштармен сурет салды. Түрлі түсті карточкалар арқылы пациенттеріміздің көңіл-күйін анықтадық. Белсенділік танытқан балалар сыйлықтармен марапатталды.
9 сынып оқушыларына дәріс
- Жарияланды 23.05.2023 12:08
- Қаралды: 266
23 мамыр 2023ж С.Мауленов атындағы №37 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушыларына «Астана Медицина Университеті» ҰАҚ Ішкі аурулар кафедрасының ассистенті, пульмонолог,медицина магистрі Тоқсарин Асия Ерболатқызы «VAPE- ұрпақтары» атты дәріс оқыды.
Дәріс барысында оқушылар барлық сұрақтарына жауап алды.