«Таза қала өзіңнен басталады» эко акциясы

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде «№7 қалалық емхана» қызметкерлері «Таза қала өзіңнен басталады» ұранымен өткен жалпықалалық қоғамдық жұмысқа белсене қатысты!

Мекеме қызметкерлері айналаны тазартып, ағаш көшеттерін отырғызды.

Қызметкерлерге арналған семинар

2023 жылдың 27 сәуірінде № 7 Қалалық емхананың эпидемиолог дәрігері Құдайбергенов Т.Қ. емхананың балалар  ғимаратының акт залында «Вирусты гепатиттің алдын алушаралары, Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік  актілері», тақырыбында медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.

Семинарға жергілікті дәрігерлер мен педиатр дәрігерлер қатысты.

Дүниежүзілік безгекпен күрес күні

Жыл сайын 25 сәуір – Дүниежүзілік безгекпен күрес күні, биыл бұл күн «Безгек ауруын нөлге дейін жеткізу уақыты: инвестиция, инновация, іске асыру» ұранымен өтті.

Астана қаласында Безгектің жергілікті жағдайлары тіркелмегеніне қарамастан, елорда аумағында безгектің таралуы үшін барлық жағдайлар бар-бұл анафелогенді су айдындарында безгек масаларының көбеюі, сондай-ақ безгек және басқа да тропикалық (трансмисивтік) аурулар бойынша тұрақсыз аймақтардан көші-қон процестері есебінен инфекцияның әкеліну қаупі бар екенін есте ұстаған жөн.

Безгек-бұл паразиттік, трансмиссивті (қан арқылы жұғатын) ауру, плазмодиум (Plasmodium) жұқтырған анофелес тұқымының масаларының шағуы арқылы өтеді. Ауру қызба және басқа жа жергілікті симптомдарымен көрінеді. Оның барысы прогрессивті, созылмалы, жиі қайталанумен жүреді.

Дүниежүзілік иммундау апталығы

Еуропалық иммундау апталығы (ЕИА) жыл сайын 24 мен 30 сәуір аралығында өтеді. Вакцинация – халық денсаулығының ең үлкен жетістіктерінің бірі. Бүкіл әлемде ол инфекциялармен күресудің ең тиімді, үнемді және қолжетімді құралы ретінде танылған. 2023 жылы Еуропалық иммундау апталығы (ЕИА) «Жаппай иммундау!» ұранымен өтуде.

Иммундау қазіргі уақытта қолжетімді денсаулық сақтау шараларының ең тиімді және үнемді әдістерінің бірі болып табылады.

Иммундау әмбебап әдіс болып табылады және балалардың салауатты өмірге енуіне мүмкіндік береді.

Жастар орталығы

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

"№7 қалалық емхана" базасында  "Шаңырақ" жастар орталығы жұмыс істейді.  Жастар орталығы 10-29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастарға медициналық-психоәлеуметтік көмек көрсетеді.

Біздің мекенжайымыз:

Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 25 (балалар корпусы) 101-кабинет

Сенім телефоны: 91-83-34 WhatsApp-87786031564

Жастар орталығы келесі қызметтерді ұсынады: