КВИ-ге қарсы екпе алудың 5 себебі

МӘМС есебінен жасалатын МРТ: тексеруден кім және қалай өте алады?

Магнитті-резонанстық томография-бұл рентген аппараттары мен компьютерлік томографиядағыдай иондалған сәулеленуді емес магнит өрісі мен радио толқындарын қолданатын, инвазивті емес, заманауи, еш ауыртпалықсыз және зиянсыз жасалынатын  диагностикалық әдіс.

МРТ медициналық бейнелерді алуға және олардың көмегімен ісік дамуының аномалияларын, қабыну және дегенеративті, жарақаттан кейінгі және неопластикалық өзгерістерді визуалды диагностикалауға мүмкіндік береді.

Науқаста МРТ жасау үшін тиісті денсаулықтың көрсеткіштері және учаскелік дәрігердің жолдамасы болған жағдайда ол МӘМС есебінен жүргізіледі.

Ашық есік күні

1 қазан - "Халықаралық қарттар күні". Мерекені Біріккен Ұлттар Ұйымы 1990 жылғы 15 желтоқсанда бекітті. Бұл күні бүкіл әлемде қарт адамдарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі.

"Қарттар күніне "орай №7 қалалық емхананың әкімшілігі "Ашық есік күні" акциясын өткізді. Келушілерді учаскелік дәрігерлер, невропатолог, эндокринолог, офтальмолог, онколог, кардиолог сияқты тар мамандар тексерді.

УДЗ тексеру, ЭхоКГ, рентген және халықты тұмау мен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жүргізілді.

Назар! Хабарландыру!

Құрметті емделушілер!

02.10.2021 ж. №7 қалалық емханада 8.00-16.00 Мүгедектер күніне және Халықаралық қарттар күніне "Ашық есік күні" өткізіледі.

Сіздерді кешенді медициналық диагностикалық тексерулер күтеді.

Мүгедектер мен қарттарды шақырамыз!

Өтетін орны: Ш. Құдайбердіұлы даңғылы 25, 29 (ересектер және балалар корпусы)