Балалардың судағы қауіпсіздігінің ережесін сақтаңыздар

Құрметті ата-аналар балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар!

Балалардың судағы қауіпсіздігінің  ережесін сақтаңыздар:

Белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда жағадан алыс жүзбеу керек;

Кемеге жақын жүзуге болмайды;

Таяз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды;

 

Қайық, айлақ, көпір үстінен және арналмаған жерлерден секіруге болмайды;

Күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айырылып қалу немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Алдымен сумен шайынып алу керек;

Дауыл немесе толқын болған жағдайда шомылуға болмайды;

Суда ұстап тұру ойынымен ойнауға болмайды, себебі тұншығып және есін жоғалтуы мүмкін.