Дәрігерді қандай жағдайда үйге шақыруға болады?
- Жарияланды 15.11.2021 12:30
- Қаралды: 599
Ата-аналар мен БАҚ-тың жасөспірімдерді вакцинациялау жөніндегі сұрақтары
- Жарияланды 15.11.2021 10:14
- Қаралды: 694
1. Неліктен балаларды мектептерде вакцинацияламақшы? Онда қауіпсіздік жағдайлары қаншалықты қамтамасыз етілген? Суық тізбекке қойылатын талаптар сақтала ма?
Жасөспірімдерді вакцинациялау білім беру ұйымдарының егу пункттерінде жүргізіледі. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинацияны емханаларда жеке тәртіппен жүргізуге жол беріледі.
Ұйымдарда вакцинациялаудың мынадай артықшылықтары бар:
- салауатты орта (КВИ-ді қоса алғанда, респираторлық инфекция симптомдары бар ықтимал науқастармен қарым-қатынасты болдырмау);
- оқушылардың медициналық араласу фактісін психоэмоционалдық қабылдауы олардың таныс ортада жеңілдейді;
- өз баласын емханада вакцинациялауға әкелу үшін ата-аналарға жұмысқа бармаудың қажеті жоқ; бұл ретте қалауы бойынша ата-аналар жасөспірімді мектепте вакцинациялау кезінде қатыса алады;
- аш қарынға вакцинация жүргізбеу үшін жасөспірімдерді алдын ала тамақтандыру мүмкіндігі;
- психологтың болуын және мектеп оқушылары үшін таныс ортада онымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету мүмкіндігі;
- оқу орындарының педагогтары мен медицина қызметкерлері өз мектептерінің балаларын жақсы біледі, олардың болуы жасөспірімдердің психоэмоционалдық жағдайына жақсы әсер етеді.
Вакцинация, алдын алу және салдары: елордалық дәрігер COVID-19 емі туралы айтты
- Жарияланды 10.11.2021 11:45
- Қаралды: 593
Коронавирустың антидепрессанттармен ауыру ықтималдығын азайтуға бола ма, КВИ-дің қандай салдары болуы мүмкін және егде жастағы адамдар үшін вакцинация қаншалықты қауіпсіз? Осы және өзге де сұрақтарға №15 қалалық емхананың ЖТД бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Сыздықова жауап берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
– Жақында беделді медициналық журналдардың бірінде зерттеу жарияланды, оған сәйкес антидепрессант қабылданған жағдайда коронавируспен ауруханаға жатқызу ықтималдығын азайтуға болады. Антидепрессант адамдардың ауруханаға жатқызу санын азайта ала ма?
Консультациялық-диагностикалық көмек туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
- Жарияланды 02.11.2021 11:19
- Қаралды: 571