Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
- Жарияланды 01.06.2023 12:17
- Қаралды: 282
2023 жылдың 1 маусымында №7 қалалық ауруханада Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Шара барысында емхананың психологтары мен әлеуметтік қызметкерлері балаларға арналған би жаттығуларын жүргізді,балалар тротуарға қарындаштармен сурет салды. Түрлі түсті карточкалар арқылы пациенттеріміздің көңіл-күйін анықтадық. Белсенділік танытқан балалар сыйлықтармен марапатталды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар үлестірілді, мерекеміздің демеушісі «Тері сарайы» кешені болды.
№7 қалалық емхананың кішкентай пациентерінің демалысын ұйымдастыруға көмектескені үшін басшы, бизнес-леди Рахметова Зульфия Дамировнаға алғыс айтамыз. Көмектесу арқылы сіз тек материалдық құндылықтарды ғана емес, қуаныш пен үміт сыйлайсыз. Сізге одан әрі өркендеу мен даму тілейміз. Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет! Сіздің көмегіңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.