«Шаңырақ» жастар денсаулық орталығының жұмыстары
- Жарияланды 25.04.2017 13:04
- Қаралды: 1574

25.04.2017 жылы №38 орта мектебінде емхана психологы Г.К.Джаналиева және гинеколог-дәрігер Д.М.Кадыровамен бірлесіп «Қыз бала гигиенасы», «Жыныстық жолмен берілетін аурулар», «Жоспарланбаған ерте жүктіліктің алдын-алу»,атты тақырыптарға дәрістер мен трнеингтер өткізді. Жоғарыда айтылған тақырыптар 6-11 сынып аралығында жүргізілді. Интерактивті тақтамен жұмыс жасалып, слайдтар көрсетілді.Дәріс барысында мектеп оқушылары белсенді түрде қатысып, сұрақтарға жауап алып отырды.
Психологилық жағынан сау болайық!!!
- Жарияланды 07.04.2017 18:23
- Қаралды: 1456
07.04.2017 ж «Босанған әйелдердің депрессиясы» жайында тренинг өткізілді. Тренингте «Босанғаннан кейінгі депрессия және оны жеңу жолдары» тақырыбында тренинг дәріс өткізілді.Тренингті өткізген Геранюшкина А.В, Саурыкова Б.К, Орынбаева А.С, Горбанева Д.Г. Қызықты тренингтер, сұрақ – жауаптар болып, соңында кішігірім сыйлықтар таратылды.Тренинг Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай өткізілді.
Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында
- Жарияланды 06.04.2017 15:44
- Қаралды: 1602

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 06.04.2017 жылы «Депрессияға қарсымыз» атты дәріс сабақ өтті. Дәрісте депрессия жайлы ақпарат, оның түрлері, онымен қалай күресу жайлы психологтардан кеңес берілді. Дәрісте қызметкерлер белсенді түрде қатысып, керемет әсер алғаны байқалды.
Тренингті емхана психологтары Тәнібаева Ж.Ж және Саурыкова Б.К жүргізді.
Қош келдің, «әз-Наурыз!!!!»
- Жарияланды 18.03.2017 22:26
- Қаралды: 1465

18 Наурыз күні «№7 Қалалық емхана» көктемнің мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті. Олар өздерінің қазақтың ұлттық (түсау кесер, қалжалау) салт-дәстүрлерінен көрініс қойып қазақтың ұлттық тағамдарынан мерекелік дастархан әзірледі.
Мерекелік іс-шараны емханамыздың бас дәрігері Қуанышева А.Ш құттықтау сөзімен ашты және белсенді қатысушыларға кәсіподақ ұйымның әзірлеген сыйлықтарын ұсынды.
Наурыз мейрамы әрбір үйге бақыт, құт-береке алып келсін!
№52, №64 орта мектебінде психологтар дәрістер және тренингтер өткізді
- Жарияланды 13.03.2017 16:04
- Қаралды: 1537

13.03.2017 жылы №52, №64 орта мектебінде психолог Г.К Джаналиева, Ж.Ж.Тәнібаева және гинеколог А.Т.Абдикаримованың қатысуымен «Туберкулездің алдын алу», «ВИЧ,СПИД», «Жұқпалы гепатиттің алдын алу», «Ерте жүктіліктің қауіптілігі» тақырыптарында дәрістер және тренингтер жүргізілді. «Ерте жүктіліктің қауіптілігі» тақырыбындағы дәрісіне оқушылар белсенділік танытып, қажетті ақпараттармен қамтылды.














