Қазақстанда тұрғындарды емханаларға тіркеу науқаны қорытындыланды
- Жарияланды 22.11.2017 15:53
- Қаралды: 1040
МӘМС жүйесін енгізу аясында тек Астана қаласында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 36 мекеме 1 039 610 адамға қызмет көрсететін болады. Осы деректерге сүйене отырып, қала емханалары келесі жылға бюджетті қалыптастырады.
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетушілердің санын біршама арттыруға мүмкіндік береді. 36 емханалардың ішіндегі 22 – мемлекеттік мекеме, ал 14 – бизнес өкілдері. Барлық емханалар тіркелген тұрғындарға кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету шеңберінде қызмет көрсетеді. Осылайша, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған МӘМС жүйесі мемлекеттік емханалардың жүктемелерін қысқартып, пациенттерге көрсетілетін қызметтің сапасын көтеруге мүмкіндік береді.
Медициналық мекемелер ұсынатын қызметтің сапасын көтеруге тұрғындар тарапынан жасалатын азаматтық бақылау ықпалын тигізетін болады. Медициналық сақтандыру қоры пациенттердің медициналық қызметпен қанағаттану деңгейін анықтау үшін «МСҚ: Халықтық бақылау» мобильді қосымшасын әзірлеп шығарды.
- Мобильді қосымша арқылы тұтынушы медициналық мекеменің қызметін әртүрлі өлшемдер бойынша бағалауға мүмкіндік алады. Қосымшаны Android платформасына негізделген смартфондарға Playmarket арқылы, ал, iOS платформасы үшін AppStore арқылы жүктеп алып, қолдануыңызға болады, - дейді Астана қаласы бойынша «ӘМСҚ» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының директоры Н.Қабдықапаров.
Қосымша авторларының ойынша, қосымша бірден бірнеше тапсырламаларды орындай алады: жедел түрде кері байланыс орнатады және қызмет көрсететін емхананы таңдау процесін жеңілдетеді. Осы орайда, ӘМСҚ медициналық серіктес-ұйымдар ұсынатын медициналық қызмет сапасының деңгейі жайлы қосымша мәліметке ие бола алады. Нәтижесінде емханалардың рейтингісін енгізу медициналық мекемелерді қызмет көрсету деңгейін көтеруге ынталандыратын болады.
Медициналық ұйымдардың рейтингі пайдаланушылар қойған баға негізінде автоматты түрде жасалады. Алынған ақпарат МСҚ-ның www.fms.kz сайтында жарияланып отырады.
Ой-пікірлер мен рейтингтің көмегімен қала тұрғындары медициналық мекеме туралы толыққанды ақпарат алып, дұрыс таңдау жасай алады.
Қосымша туралы пікір білдіру үшін https://fms.kz/ru/suggestion сілтемесі ұсынылады.