«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Параграф» ақпараттық желілік басылымы және Zakon.kz желісімен бірлесіп 2019 жылдың 22 қарашасында сағат 17:00-де Кенесары к-ші, 32 мекенжайында орналасқан «Астана» концерт залының ғимаратында (бұрынғы Конгресс-холл) «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өткізіледі.
Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін ұсыну. Кез-келген азамат еліміздің құқықтық қоғамдастығының үздік өкілдерінен қажетті кеңес ала алады.
Олардың арасында - прокуратура мен сот органдарының қызметкерлері, сондай-ақ бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың заңгерлері бар.
Жоғары білікті заң көмегін алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
АНЫҚТАМА ТЕЛЕФОНДАРЫ: 72-66-14, 8-705 659 4405