"Асем" базары аумағындағы тұрғындарға флюоро тексеру жүгізу

18.10.2019 жыл. Бүгін №7 қалалық емхана қызметкерлерімен "Тоқта туберкулез!" акциясы шеңберінде "Асем" базары аумағындағы тұрғындарға жылжымалы флюорографта профилактикалық флюоро тексеру жүргізілді.

Іс-шара базар аумағында орналасқан тұрғын үй кварталдарының тұрғындары үшін өткізіледі.

Флюорографиялық зерттеуден басқа, тұрғындармен туберкулездің алдын алу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы әңгіме жүргізілді.

  • 01
  • 02