Профилактикалық флюоро тексеру жүргізілді

13.10.2019 жыл. Кеше №7 қалалық емхана қызметкерлерімен Жағалау ықшам ауданындағы тұрғындарға жылжымалы флюорографта профилактикалық флюоро тексеру жүргізілді. Флюорографиялық зерттеуден басқа, халықпен әңгімелесу, туберкулездің алдын алу, жыл сайынғы флюорографиялық тексеру қажеттілігі және 2020 жылдың қаңтарынан бастап алдағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы сауалнама жүргізілді. Іс-шара "Тоқта туберкулез!" акциясы шеңберінде өткізілді. Флюорографиялық тексеруден 106 адам өтті.

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4