Туберкулезге қарсы күресу бойынша "Тоқта туберкулез!» акциясы
- Жарияланды 24.09.2019 14:16
- Қаралды: 719
Бүгін туберкулезге қарсы күресу бойынша "Тоқта туберкулез!" акциясы шеңберінде "№7 қалалық емхана" қызметкерлерімен "Дәулет" СҮ аумағына іргелес тұрғын үй кешендерінің тұрғындары үшін жылжымалы флюорографта профилактикалық флюорографиялық тексеру жүргізілді. Іс - шарада емхана қызметкерлері туберкулездің алдын алу, жыл сайынғы флюорографиялық тексерудің маңыздылығы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Халық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, оны енгізу мерзімі туралы хабардар, МӘМС - әлеуметтік әділеттілік пен ынтымақтастық қағидаттары туралы да хабардар. Емхана қызметкерлері кеңестер мен әңгімелесулер өткізді, жаднамалар таратылды.