Скрининг
- Жарияланды 11.04.2019 18:17
- Қаралды: 955
Скрининг – бұл ерте анықталған жүрек-қан тамырларының патологиясын, күретамырлы қысымның көтерілуін, қант диабетін және глаукоманы, сондай-ақ ерте сатысында анықталған онкологиялық патологияны, жатыр мойыншығы обырын, сүт бездері обырын, колоректалды обырды жыл сайын медициналық профилактикалық тексеру. Сүт бездері обырын тексеруге 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, жатыр мойыншығы обырына 30 жастан 50 жасқа дейінгі әйелдер, колоректалды обырды тексеру үшін 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер, ерте анықталған жүрек-қан тамырларының патологиясына қырықтан асқан азаматтар шақыртылады. Скринингтен өту - ерте анықталған барлық көрсетілген патологиялар үшін өте маңызды. Аталмыш процедура тегін жүргізіледі.