Диспетчер телефонмен сөйлесу кезінде бірінші кезекте келесі ақпаратты анықтайды:
- Жарияланды 11.04.2019 11:53
- Қаралды: 970
Диспетчер телефонмен сөйлесу кезінде бірінші кезекте келесі ақпаратты анықтайды: не болды, науқастың жағдайы, оның аты, тегі, жасы, мекенжайы және телефоны. Диспетчер шақыртуды алған сәттен бастап қызмет көрсету үшін ЖМЖ бригадасына бергенге дейін шақыртуды өңдеу уақыты бес минутты құрайды.Жедел жәрдем көлігінің келу уақыты шақыру санатына байланысты. Жедел жәрдем шақырту 4 жеделділік санатына бөлінеді, әр жеделділік санатқа жедел жәрдемнің келу уақыты белгіленген: 1-жеделділік санатындағы шақырту – өміріне тікелей қауіп төндіретін, жедел медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттің жай-күйі- келу уақыты 10 минутқа дейін; 2-жеделділік санатындағы шақырту- өміріне медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі- келу уақыты 15 минутқа дейін; 3-жеделділік санатындағы шақырту- денсаулығына медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі- келу уақыты 30 минутқа дейін; 4-жеделділік санатындағы шақырту-пациенттің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ - келу уақыты 60 минутқа дейін.