«Ас қорыту жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері» атты ашық сабақ өтті
- Жарияланды 20.11.2018 17:40
- Қаралды: 1163
Бүгін 7 қалалық емханасында «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс, 339 кураторлық топ студенттері «Балалар аурулары пропедевтикасы» модулі бойынша «Ас қорыту жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері» атты ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта студенттер өздерін білімділік, алғырлық, шапшаңдық, тапқырлық жағынан көрсете білді. «Кім миллион ұтады?», «Білімділер» атты кері байланыс ойындары және сергіту ретінде қазақ домбырасымен «Балбырауын» күйі шырқалды. Кафедра меңгерушісі Г.Е.Бектенова және топ жетекшісі әрі кураторы, ассистент Абжанова У.С.қорытындылай келе оң бағасын берді.