Вакцинация сұрақтары бойынша қауырт желі жұмысы туралы
- Жарияланды 27.12.2017 15:04
- Қаралды: 1076
2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлері және ата-аналарға вакцинациялау сұрақтарына жауап және кеңес беру мақсатында «қауырт желі» өз жұмысын бастайды.
Сіздер 8-8000-700-830 телефон номеріне кез келген қалалық немесе ұялы телефон нөмірлерінен ақысыз қоңырау соға аласыз.
8.00-ден 20.00 сағатқа дейінгі Сіздердің вакцинация туралы сұрақтарыңызға біздің жоғары санатты невролог, аллерголог, педиатр және эпидемиолог мамандары жауап береді.
Көрсетілген уақыттан тыс түскен қоңырауларға мамандарымыз міндетті түрде қысқа уақытта өздері хабарласады.