«Шаңырақ» жастар денсаулық орталығының жұмыстары
- Жарияланды 23.02.2017 13:18
- Қаралды: 1256
22.02 – 23.02.2017 күндері № 37, № 44 орта мектептерде емхана психологтары (Орынбаева А.С, Абулкасимова Г.К, Горбанева Д.Г ) «А» вирусты гепатиттің алдын алу жолдары, «Адам ағзасына ішімдіктің зияны», «Туберкулездің алдын алу», «АҚТҚ/ЖҚТБ ауры жайлы не білесіз?» «Есірткінің зияны» атты тақырыптарға дәрістер мен трнеингтер өткізді. Жоғарыда айтылған тақырыптар 1-11 сынып аралығында жүргізілді. Дәріс барысында мектеп оқушылары белсенді түрде сұрақтар қойып отырды.Сонымен қатар 1-4 сынып аралығында «А вирусты гепатит» тақырыбына диктант алынды. Және де «Қолды жуамыз, Қолды жуамыз!» атты тренинг өткізілді.
Үлкен сыныптағы оқушыларға "Есірткінің зияны", «АҚТҚ/ЖҚТБ туралы не білесіз?», «Ішімдіктің зияны» жайында видеороликтер көрсетіліп, ақпараттық материалдар, брошуркалар таратылды.