Оқушылар арасында денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді
- Жарияланды 17.11.2026 10:34
- Қаралды: 7
Астана қаласындағы №63 мектепте 8–11 сынып оқушылары арасында профилактикалық семинар өткізілді.
№7 қалалық емхананың салауатты өмір салты (СӨС) дәрігері оқушылар арасында денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.
Семинар барысында келесі тақырыптар қамтылды:
«Қыз бала тәрбиесі: тазалық, күтім және қауіпсіздік» – жеке бас гигиенасы, денсаулыққа күтім жасау және жасөспірім қыздардың қауіпсіздігі.
Туберкулездің алдын алу – аурудың жұғу жолдары, негізгі белгілері және алдын алу шаралары.
Қант диабеті кезінде дұрыс тамақтану – теңгерімді тамақтану қағидалары, қант пен көмірсуларды тұтынуды бақылау және дұрыс тамақтану әдеттері.
Семинар соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.
Денсаулық – басты байлығымыз!














