Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
- Жарияланды 23.01.2026 17:11
- Қаралды: 68
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№7 қалалық емхана» МКК-де қызметкерлер арасында «жалған есепке» жол бермеу, медициналық құжаттаманы бұрмалау және МАЖ/АЖ-ге шынайы емес мәліметтер енгізудің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында қызметкерлерге бақылау барысында анықталатын негізгі ұғымдар мен типтік құқық бұзушылықтар түсіндіріліп, олардың мәні мен салдары жеткізілді.
Сондай-ақ мұндай әрекеттерге қатысты «нөлдік төзімділік» қағидаты және әрбір қызметкердің өзі енгізетін әрі растайтын деректердің дұрыстығы үшін дербес жауапкершілігі ерекше атап өтілді. Қызметкерлерге құқық бұзушылықтың нақты мән-жайларына қарай тәртіптік ықпал ету шаралары, материалдық жауапкершілік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ден қою шаралары қолданылуы мүмкін екендігі түсіндірілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша профилактикалық талаптар қайта еске салынды: МАЖ/АЖ-ға енгізілетін жазбалар көрсетілген медициналық көмектің нақты фактісіне толық сәйкес келуге тиіс; өзге тұлғалардың қолжетімділігін/ЭЦҚ-ны пайдалануға және басқа қызметкерлердің атынан жазба рәсімдеуге жол берілмейді; қате анықталған жағдайда басшыға дереу хабарлап, белгіленген тәртіппен түзетуді бастау қажет; қандай да бір өтініштер немесе қысым көрсетілген кезде — бас тарту және басшылықты/комплаенс-қызметті хабардар ету міндетті.
Жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары медициналық құжаттаманы сапалы жүргізуді арттыруға, құқық бұзушылық тәуекелдерін төмендетуге, есепке алудың ашықтығын қамтамасыз етуге және емхана қызметінде адалдық қағидаттарын сақтауға бағытталған.















