«Аутоагрессивті мінез-құлық: себептері, белгілері және көмектесу жолдары» тақырыбында танымдық дәріс
- Жарияланды 10.09.2025 15:53
- Қаралды: 108
№7 қалалық емханада психологтың қатысуымен «Аутоагрессивті мінез-құлық: себептері, белгілері және көмектесу жолдары» тақырыбында танымдық дәріс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар аутоагрессияның мәнін, оның пайда болуына ықпал ететін негізгі факторларды, сондай-ақ алғашқы белгілерін уақытылы байқаудың маңызын талқылады. Сонымен қатар эмоционалды күйзеліс кезінде жақын жандарға қолдау көрсетудің тәсілдері мен кәсіби көмекке жүгіну жолдары туралы ұсыныстар берілді. Дәріс сенімді әрі ашық атмосферада өтті. Мұндай кездесулер тұрғындардың психологиялық сауаттылығын арттырып, қоғамда психикалық денсаулықты сақтау мәдениетін дамытуға септігін тигізеді. Құрметті тұрғындар, емханамызда ТМКК және МӘМС шеңберінде психологтың кәсіби көмегін тегін алуға болатынын еске саламыз. Денсаулығыңызға мұқият болыңыздар!















