Жол жүру ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары
- Жарияланды 09.09.2025 15:26
- Қаралды: 101
Астана қаласының №7 қалалық емханасына қарасты «Ясли-сад №38» және «Дәурен» балабақшаларында тәрбиеші ұстаздар мен медицина қызметкерлерінің ұйымдастыруымен балаларға жол жүру ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында балаларға жолда жүрудің негізгі қағидалары, бағдаршам белгілерінің мәні, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту тәртібі туралы қызықты әрі жеңіл түрде әңгімеленді. Сондай-ақ көрнекі суреттер мен ойын элементтері арқылы кішкентайлардың қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Мұндай шаралар балалардың жол қозғалысы ережелерін ерте жастан меңгеріп, күнделікті өмірде қауіпсіздікті сақтауға дағдылануына ықпал етеді.















