Вакцинация туралы
- Жарияланды 27.08.2025 11:32
- Қаралды: 99
Вакцинация туралы мифтер және шындық
Вакцинацияға қатысты қоғамда түрлі қате түсініктер бар. Солардың ең жиі кездесетіндерін қарастырайық:
1. Миф: «Вакцина ауруды туындатады»
Шындық: Вакциналарда әлсіретілген немесе өлтірілген микроорганизмдер, не олардың бөлшектері болады. Олар ауруды тудырмайды, тек ағзаға иммунитет қалыптастыруға көмектеседі.
2. Миф: «Вакцинадан кейін міндетті түрде ауыр асқынулар болады»
Шындық: Вакцинадан кейін кейде дене қызуының аздап көтерілуі, екпе орнында ауырсыну сияқты жеңіл реакциялар болуы мүмкін. Бірақ бұл – ағзаның қалыпты иммундық жауабы. Серьёзды асқынулар өте сирек кездеседі.
3. Миф: «Баланы кішкентай кезінде вакцинациялау қауіпті»
Шындық: Керісінше, балалардың иммундық жүйесі алғашқы айларынан бастап инфекциялардан қорғанысты қажет етеді. Сондықтан екпелер арнайы күнтізбе бойынша ерте жасалады.
4. Миф: «Егер көпшілік егілсе, менің балаға екпе салудың қажеті жоқ»
Шындық: Ұжымдық иммунитет әрбір адамның вакцина алуына байланысты қалыптасады. Егер кейбіреулер екпеден бас тартса, қауіпті аурулар қайта таралуы мүмкін.
5. Миф: «Вакциналар қажет емес, дұрыс тамақтану мен дәрумендер жеткілікті»
Шындық: Дұрыс тамақтану иммунитетті күшейтеді, бірақ қызылша, көкжөтел, дифтерия сияқты қауіпті аурулардан тек вакцина ғана қорғайды.














