Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған іс-шара
- Жарияланды 12.08.2025 10:26
- Қаралды: 182
Астана қаласының №7 қалалық емханасында ұлы ақын, ағартушы, қазақтың рухани әлемінде өшпес із қалдырған ұлы тұлға Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай қызметкерлер арасында кең көлемді танымдық-түсіндіру шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасы, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесі кеңінен баяндалды. Сондай-ақ, ұлы ойшылдың қара сөздеріндегі тағылымы мол ойлар мен өсиеттер талқыланып, қатысушылар оның ұрпақ тәрбиесіндегі және рухани құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі туралы пікір алмасты.














