Дүниежүзілік баланы емізу апталығы
- Жарияланды 04.08.2025 14:10
- Қаралды: 112
1–7 тамыз – Дүниежүзілік баланы емізу апталығы
Бұл апта – сәбилердің денсаулығын нығайтуда ана сүтімен емізудің маңызын насихаттауға арналған.
Ана сүті – нәрестеге арналған ең үздік, табиғи және толыққанды тағам. Ол баланың иммунитетін күшейтеді, ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады және ана мен бала арасындағы ерекше байланысты қалыптастырады.
Ана сүтімен емізудің артықшылықтары:
✅ Балаға қажетті барлық дәрумендер мен қоректік заттарды қамтиды
✅ Ас қорыту жүйесін қорғайды
✅ Аллергия қаупін азайтады
✅ Ана мен баланың эмоционалды байланысын нығайтады
Әр ана – баласына ең үлкен сыйды бере алады.
Осы апталықта біз ана сүтімен қоректендірудің артықшылықтары туралы көбірек бөлісеміз!















