Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы хабарландыру!

Астана қаласы әкімдігінің "№7 Қалалық емхана" ШЖҚ МКК №4 "алдын алу және салдарға қарсы іс-қимыл" ТБН жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес емхана қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне зерттеу жүргізеді.

Астана қаласы әкімдігінің "№ 7 Қалалық емхана" ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағыт бойынша жүргізілді:

1) Астана қаласы әкімдігінің "№ 7 Қалалық емхана" ШЖҚ МКК қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Астана қаласы әкімдігінің "№ 7 Қалалық емхана" ШЖҚ МКК ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Осыған байланысты, барлық ниет білдірген тұлғалардан осы талқылауға 05.07.2024 жылы сағат 11:00-де қатысуды сұраймыз. Астана қаласы, Құдайбердиұлы даңғылы, 29, 319 кабинет мекенжайы бойынша. Көпшілік талқылауға қатысуға ниет білдірушілер 8/7172/ 918338 телефоны бойынша хабарласа алады.