Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз
- Жарияланды 21.06.2024 09:47
- Қаралды: 179
Құрметті ата-аналар балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар! Балалардың судағы қауіпсіздігінің ережесін сақтаңыздар:
Белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда жағадан алыс жүзбеу керек;
Кемеге жақын жүзуге болмайды;
Таяз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды;
Қайық, айлақ, көпір үстінен және арналмаған жерлерден секіруге болмайды;
Күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айырылып қалу немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Алдымен сумен шайынып алу керек;
Дауыл немесе толқын болған жағдайда шомылуға болмайды;
Суда ұстап тұру ойынымен ойнауға болмайды, себебі тұншығып және есін жоғалтуы мүмкін.