Халықаралық акушер-гинеколог дәрігерлердің күні
- Жарияланды 05.05.2024 09:41
- Қаралды: 258
Бүгін, 5-мамыр — халықаралық акушер-гинеколог дәрігерлердің төл мерекесі Ана мен бала денсаулығын жіті қадағалап, әйел адамның саулығын арттыру үшін күні-түні қызмет атқаратын зор мамандық иелері үшін бұл күннің айтарлықтай маңызы зор. Жүктілікті жоспарлап, әйелдің босанғанға дейінгі ахуалы мен күтімі дәл осы абзал жандардың жауапкершілігіндегі шаруа. Тіпті, жүкті әйелдің көңіл-күйіне тікелей әсер ететін, бірге қуанып, қиын жағдайда демеу болатын кеңесші де осы акушер-гинекологтар.
20 жылдан астам жұмыс өтілі бар акушерлерімізді- Тынбаева Зәуреш Ислямовна, Шарипова Бақтыгүл, Лукьянчук Юлия Владимировна, Жұмамұратова Жазира Кенесбергеновнаны мерекелерімен құттықтаймыз! Ендеше, барлық акушерлерімізді кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің халқының санын көбейтуге үлес қосқан ақ халатты абзал жандарға алғыс айтамыз!