Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні
- Жарияланды 02.04.2024 17:42
- Қаралды: 321
Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні 2007 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен белгіленді, онда аутизммен ауыратын балалар санының көптігіне алаңдаушылық білдіріліп, ерте диагноз қою мен тиісті тексерудің маңыздылығы көрсетілген. 2008 жылдан бастап жыл сайын 2 сәуірде атап өтіледі.
Аутизм - бұл өмірдің алғашқы үш жылында көрінетін тұрақты дамудың бұзылуы және мидың жұмысына әсер ететін неврологиялық бұзылыстың салдары. Аутизм негізінен жынысына, нәсіліне немесе әлеуметтік - экономикалық жағдайына қарамастан балаларға әсер етеді. Аутизм, ең алдымен, әлеуметтік өзара әрекеттесу тұрғысынан бірегей ерекшеліктермен, күнделікті қарым - қатынастағы қиындықтармен және сезім мүшелерінен ақпаратты өңдеудің стандартты емес әдісімен сипатталады.