Туберкулезге қарсы айлық аясында
- Жарияланды 16.03.2024 17:02
- Қаралды: 215
Ағымдағы жылдың 16 наурызында туберкулезге қарсы айлық аясында Ғабиден Мұстафин 15/2 мекенжайы бойынша №7 қалалық емхана аумағында орналасқан үй тұрғындарына «Флюкар» көлігімен флюорографиялық тексеру жүргізілді. Іс-шара барысында тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
- туберкулездің таралу жолдары,
- туберкулездің алғашқы белгілері,
- туберкулездің алдын алу.