"Елордадағы туберкулез ауыртпалығын азайту" атты семинар – кеңесі өтті
- Жарияланды 20.02.2024 16:50
- Қаралды: 276
20.02.2023 жылы Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық фтизиопульмонология орталығы" Туберкулез ауруына қарсы айлығын өткізуге дайындықты ұйымдастыру шеңберінде №7 қалалық емханада "Елордадағы туберкулез ауыртпалығын азайту" атты семинар – кеңесін өткізді .Семинарда қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры А .Б. Цепке және үйлестіруші Б. К. Ермағамбетова, сондай-ақ "Санат Әлемі" ҮЕҰ өкілі М. А. Медетов сөз сөйледі. Семинар барысында Қазақстан Республикасында 2023-2025 жылдарға арналған фтизиатриялық және пульмонологиялық қызметтерді дамыту жолдары талқыланды.