4 ақпанда Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күні атап өтіледі
- Жарияланды 04.02.2024 13:30
- Қаралды: 345
Жыл сайын 4 ақпанда Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күні атап өтіледі. Бұл күн онкологияның пайда болу проблемасына әлемдік қоғамдастықтың барынша кең назарын аудару үшін қатерлі ісікке қарсы күрестің халықаралық одағымен бекітілді.
Қатерлі ісік - бұл адам ағзасының кез-келген мүшелері мен жүйелеріне әсер етуі мүмкін аурулардың жалпы атауы. Бұл аурудың тән белгісі қалыпты шекаралардан тыс өсетін және қоршаған тіндерге ене алатын, сондай-ақ басқа органдарға, басқаша айтқанда метастазға ауыса алатын қалыпты емес жасушалардың тез көбеюі болып табылады.
ДДСҰ мәліметтері бойынша қатерлі ісік ауруы әлемдегі өлімнің басты себептерінің бірі болып табылады. Қатерлі ісіктің ең көп таралған түрлері - сүт безі қатерлі ісігі, өкпе қатерлі ісігі, тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісігі, простата обыры, тері қатерлі ісігі және асқазан қатерлі ісігі.
Қазақстанда жыл сайын онкологияның 36 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі, ал 14 мыңға жуық адам көз жұмады.
Ауруды ерте кезеңде анықтау мақсатында елімізде ұлттық скринингтік бағдарламалар енгізілді, молекулярлық-генетикалық зерттеулер, таргеттік терапия, жоғары технологиялық сәулелік және химиотерапия, иммуногистохимиялық зерттеулер, иммунотерапиялар, сондай-ақ минималды инвазивті, лапороскопиялық, ағзаны сақтайтын операциялар сияқты диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері қолданылады.
Айта кетейік, қазақстандықтар үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі тегін жүргізіледі: жатыр мойны обырының скринингі, сүт безі обырының скринингі және колоректальды обырдың скринингі.