Туберкулез - үкім емес!
- Жарияланды 01.02.2024 15:28
- Қаралды: 267
Бүгінгі күні туберкулез үкім емес, сәтті емделетін ауру.
Туберкулездің басты және алғашқы симптомдары – бұл ұзақтығы екі аптадан астам уақытқа созылатын жөтел, дене қызуының 37-37,5 градусқа дейін көтерілуі. Әдетте, пациент бұл температураны сезбейді, ол ЖРВИ немесе қандай да бір басқа вирустық инфекция кезінде болатын температурадан ерекшеленеді. Сондай-ақ туберкулездің алғашқы белгілері – қалжырау, шаршау, салмақ жоғалту. Қазақстанда жыл сайын туберкулезді анықтау үшін скринингтік, оның ішінде флюорографиялық зерттеулер жүргізіледі.
Өкпе туберкулезінен зардап шегетін және тыныс алу жолдарынан (жөтелу, түшкіру, дауыстап сөйлесу кезінде, айқайлағанда және т.б.) микобактерия бөлетін науқас адам басты жұқтыру көзі болған жағдайда, барлық ауру жұқтырған 90% жағдайда ауа -тамшы арқылы ауру жұғады. Тамақ арқылы да (алиментарлық жолмен) ауру жұқтыруға болады. Мұндай жағдайда ауру малдың сүті, сонымен қатар одан дайындалған ірімшік, қаймақ, простокваша инфекция көзі болады.
Туберкулезбен ауырмау үшін дұрыс және толыққанды тамақтану қажет. Күніне 3 реттен сиретпей тамақ ішу керек. Денсаулық үшін мыналар пайдалы: балғын жемістер, көкөністер, ет және жұмыртқа, сүт өнімдері. Міндетті түрде сүт, айран ішіп, сүзбе жеуге тырысу қажет. Оларда адамға қажетті А, В, С, Е витаминдері бар. Жаман әдеттерден аулақ болу керек. Темекі шегуге болмайды. Алкогольді ішімдіктер мен есірткілерді қолданбау қажет. Сарыуайымға салынбау керек.
Аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде тұрғылықты жері бойынша медициналық көмекке жүгіну қажет. Егер медицина қызметкерлері туберкулез деп күдіктенсе, олар қақырық анализін алып, оны бастапқы медициналық желіде болатын зертханаға диагностикалау үшін жібереді.