АСТАНАДА МСАК БОЙЫНША ЖАҺАНДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ДДҰ-ҒА МҮШЕ 80 ЕЛДЕН ДЕЛЕГАЦИЯЛАР ЖИНАУДЫ КҮТУДЕ

Қазақстан Республикасының Үкіметі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен 2023 жылғы 22-23 қазанда Астана қаласында өтетін МСАК бойынша Алматы Декларациясының қабылдануының 45 жылдығына және  Астана Декларациясының қабылдануының 5 жылдығына арналған  медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты пікір алмасу, 2018 жылдан бастап МСАК бойынша Астана декларациясының  міндеттемелерін орындау қорытындыларын шығару, нақты нәтижелер мен жетістіктерді көрсету, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуды қамтамасыз ету үшін МСАК рөлін талқылау болып табылады.

Конференция жұмысына ДДҰ-ға мүше мемлекеттердің 80 ресми делегациясы, Денсаулық сақтау министрлері, халықаралық ұйымдар өкілдері, жас ғалымдар, медицина қызметкерлері және т.б. деңгейінде қатысады деп күтілуде, бұл жалпы алғанда бетпе-бет форматта 600-650 делегатты, сондай-ақ онлайн режимде 1000-нан астам қатысушыны құрайды.

Іс-шара қорытындысы бойынша МСАК болашағы туралы бірлескен өтініш қабылдау жоспарлануда.