Сүт безі қатерлі ісігінің ерте белгілері қандай?

 

Ісік ерте кезеңінде анықталмайды, ауру сезімі, түйіндер, бөлінділер жоқ, әйелді ешнәрсе мазаламайды. Сондықтан 40 жастан бастап скрининг өту, маммография жасау қатерлі ісікті ерте кезеңінде анықтауда өте маңызды.

Ерте қатерлі ісікті тек маммографияда көруге болады. Сүт безінің қатерлі ісігі ерте кезеңде топтасқан микрокальцинаттар ретінде көрінеді. Яғни бұл - рентген суретте ғана көруге болатын өте майда нүктелер. Сондықтан әйелдер 40 жастан бастап скринингтен өту керек.

Жалпы, кез келген қыз етеккір келгеннен бастап, жылына 1 рет маммологқа қаралуы керек. Себебі сүт безіндегі кез келген өзгерісті тек маман ғана анықтап көре алады. Бұл кез келген патологияны анықтап, оның дамуына жол бермеуге жеткілікті болады.

- Сүт безі қатерлі ісігі кезінде тағы қандай белгілер байқалуы мүмкін??

Егер сіз:

- бір сүт безі екіншісінен визуальды ерекшеленетінін;

- сүт безінде қызарудың пайда болғанын;

- емшек ұшы өзгергенін, оның қатты, ісіп немесе тартылып қалғанын;

- емшек ұшынан қан кеткенін;

- сүт безі терісінде шұңқырдың пайда болғанын анықтасаңыз, дереу маммологқа қаралуыңыз қажет.