Гипертониямен күрес күніне арналған ашық есік өтті

2023 жылдың 18 мамырында №7 қалалық емханада «OMRON»  компаниясының өкілімен Гипертониямен күрес күніне арналған «Артериялық қысымыңызды дәл өлшеңіз. Оны басқарыңыз. Ұзақ өмір сүріңіз» атты акция өтті. Шара барысында қан қысымын өлшеудің дұрыс техникасы, сондай-ақ қан қысымын өлшеу кезінде жиі кездесетін қателіктер бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Жаңа сымсыз тонометрлер мен жүрекшелердің фибрилляциясын анықтау мүмкіндігі бар тонометрлер таныстырылды.

Қан қысымы тәуекел факторлары бар адамдарда жоғарылайды: тұзды, майлы тағамдарды, алкогольді пайдалану, стресстік жағдайлар, жоғары холестерин, темекі шегу, аз физикалық белсенділік, тұқым қуалаушылық.

Қазақстан Республикасының Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының мәліметі бойынша, жүрек-қан тамырлары аурулары әлемде ең көп таралған ауру болып табылады, ал Қазақстанда әрбір 12 тұрғын артериялық гипертензиямен ауырады.

 

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04