Халықаралық отбасы күніне орай ашық есік күні өтті
- Жарияланды 13.05.2023 13:59
- Қаралды: 296
2023 жылдың 13 мамыры No7 қалалық емхананың ересектер ғимаратында Халықаралық отбасы күніне орай ашық есік күні өтті. Шараға көп балалы ата-аналар шақырылып, денсаулықтарын тексеру үшін келесі дәрігерлердің қабылдауынан өте алды:
- Терапевт
- Эндокринолог
- Гинеколог
- Кардиолог
-Невропатолог
- Уролог
Сондай-ақ қан қысымының, холестериннің, глюкозаның күйін, физикалық көрсеткіштерді дене салмағының индексімен бағалауға және ЭКГ-дан өтуге мүмкіндік болды. Шара барысында психологтарымыз пациенттерге өзінің ішкі қасиеттерін тану арқылы Арт-терапия жүргізді. Емханаға келушілеріне " Бақытты некенің - жөнсілтері" атты шағын кітаптар таратылды.