«Темекіге тәуелділік, психикалық денсаулыққа әсері»

 

2023 жылдың 11 мамырында «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен, сондай-ақ ҰАҚ АМУ  психиатрия және наркология бөлімімен, ішкі аурулар бөлімімен бірлесіп темекіге тәуелділіктің алдын алу айлығы аясында «Темекіге тәуелділік, психикалық денсаулыққа әсері» атты қалалық медициналық конференциясын өткізді. Конференцияға, Астана қаласының Жастар денсаулық орталықтарының, емдеу мекемелері мен емханаларының  салауатты өмір салтын ұстанатын дәрігерлер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, «Астана медицина университеті»  2-5 курс студенттері, интерндер мен резиденттер қатысты.

Қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Хамзин Қанат Жайықұлы конференцияға қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйледі.

Конференция барысында келесі тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалды:

 1. «Темекі шегу немесе вейпинг» - АМУ ІА кафедрасының ассистенті, пульмонолог, медицина магистрі Токсарина Асия Ербулатқызы, «Темекі шегу немесе вейпинг»

- «Темекі шегу, клиникасы, салдары» АМУ резиденті – Камила Құдарова.

- «Темекі өнімдерінің жаңа түрлерінің қаупі» АМУ резиденті - Алдабергенова Асель

Конференция нәтижесінде барлық резидент-спикерлер есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстарға белсенді үлес қосқаны үшін алғыс хаттармен ынталандырылды.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04