Бронх демікпесінің алдын алу бойынша ашық есік күні өтті
- Жарияланды 05.05.2023 13:57
- Қаралды: 282
2023 жылдың 5 мамырында №7 емханада бронх демікпесінің алдын алу бойынша ашық есік күні өтті.
Шараның басты мақсаты – тұрғындарды бронх демікпесінің алдын алу туралы ақпараттандыру.
Келушілердің барлығы спирометриядан – тыныс алу жүйесін зерттеуден өтіп, демікпеге қарсы тест тапсырып, демікпе белгілерін анықтап, мамандардың кеңесін ала алды.
«Бронх демікпесі: сұрақтар мен жауаптар», «Демікпемен күресу» атты буклеттер таратылды.