Инфаркт дегеніміз не?
- Жарияланды 02.05.2023 15:07
- Қаралды: 460
Миокард инфарктісінің басты себебі - жүрекке апаратын негізгі қан тамырының бітелуі. Миокард инфарктінің пайда болуындағы негізгі себептердің бірі – атеросклероз. Мұнымен ауырғанда артериялардың қабырғаларына май сияқты зат – холестерин, одан әрі тағы кальций тұздары өңездеп қалады. Тамырлар қатаяды, тарылады, бірқалыпты серпінділігінен айырылады. Атеросклероздың өңез түскен жерлерінде көбінесе жара пайда болады, қан қоюланады. Ұйыған қан, яғни тромбылар тамырларды бітеп тастайды да, жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз ету нашарлайды.
Миокард инфарктісін алдын алу
- Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет;
- Тиімді тамақтану ережелерін сақтау;
- Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту- тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану;
- Көкөніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану;
- белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану;
- Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру;
- Үздіксіз стресс жүрек-қан тамырлары қаупіне байланысты қан қысымын арттырады.
Аурудың алдын алу әрбір адамның өз қолында.