Қызметкерлерге арналған семинар
- Жарияланды 07.04.2023 18:07
- Қаралды: 281
2023 жылдың 7 сәуірінде No7 Қалалық емханада медицина қызметкерлеріне АИТВ-ның алдын-алу орталығының эпидемиолог дәрігері Рахимбаева З.Б.семинар өткізді.Семинар тақырыбы
«Эпидемиологиялық жағдай, нормативтік құқықтық актілер. АИТВ-инфекциясына клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тестілеу, экспресс-тестілеу».
АИТВ – адамның иммун тапшылығының вирусы, ол ЖИТС (жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы) – иммундық жүйенің зақымдануымен, қайталама инфекциялардың қосылуымен, ісіктердің пайда болуымен және орталық жүйке жүйесінің үдемелі зақымдануымен сипатталатын ауыр ауру. АИТВ-инфекциясының және ЖИТС-тың алдын алу - медициналық профилактикалық шараларға, жеке шараларға, салауатты өмір салтын ұстануға байланысты. АИТВ/ЖИТС проблемасының өзектілігі оның тек медициналық мәселе емес екендігінде. Оның таралуы қоғамның барлық салаларына әсер етіп, әрбір адамды алаңдатады.