«Біз туберкулезді жеңе аламыз» ұранымен челлендж

 

2023 жылдың 27 наурызында №7 қалалық емхананың дәрігерлері жыл сайын 24 наурызда өтетін Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне «Біз туберкулезді жеңе аламыз» ұранымен челлендж ұйымдастырды.

Туберкулез – ауа тамшылары арқылы берілетін жұқпалы ауру. Тиісті емі болмаса, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адам жылына орта есеппен 10-15 адамға жұқтыруы мүмкін. Туберкулез  жыл сайын мыңдаған адамның өмірін қияды, дегенмен дәрігерге дер кезінде қаралып, тиісті емді қабылдасаңыз, бұл жазылатын ауру.

Емхана дәрігерлері барлық тұрғындарды осы күрделі мәселеден қалыс қалмауға шақырады және жыл сайын флюрографиялық тексеруден өтуді, туберкулезге күдікті белгілер (2-аптадан аса жөтел, тершеңдік, салмақ жоғалту, кеуде қуысындағы ауырсыну, жалпы әлсіздік, тез шаршау, ұзақ уақыт дене қызуының көтерілуі) байқалған жағдайда аурудың асқынуын күтпей, уақытылы дәрігерге қаралуды ұсынады.

Өйткені, уақытында анықтау, емдеу және кешенді алдын- алу, әрбір науқастың толық сауығуына ықпал етеді.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04