Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай
- Жарияланды 13.03.2023 15:57
- Қаралды: 272
2023 жылдың 13 наурызында №7 емханада Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған «Өзіңді туберкулезден қорға!» айлығы аясында Ашық есік күні өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарды туберкулездің таралу проблемасы туралы хабардар ету.
Емханың фтизиатр дәрігері пациенттерді қабылдап, әңгімелесу жүргізді. Сондай ақ, CӨС дәрігерімен және әлеуметтік қызметкерлермен бірге туберкулездің таралу факторлары мен алдын алу бойынша ақпараттық парақшалар таратылды. Емханада тақырыптық бұрыш ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жүкті әйелдерге Туберкулезден сақтану бойынша нұсқаулықтар айтылды.Туберкулездің алдын алу бойынша халықтың хабардарлығын бағалауға арналған сауалнамасы жүргізілді.
Туберкулезге қарсы дәрілерді қабылдайтын науқастарға күнтізбелер мен нұсқаулықтар таратылды.