Тұмауға қарсы вакцинация
- Жарияланды 26.09.2022 14:04
- Қаралды: 386
Құрметті пациенттер! Емханада 09.09.2022 жылдан бастап тұмауға қарсы "Гриппол плюс" вакцинасымен тегін иммундау басталды.
Вакцинация алу үшін, Сіз учаскелік дәрігерге жүгіне аласыз.
Тұмау вирусы жыл сайын мутациялайтындықтан, бір рет ауырып, өмір бойы иммунитет алу мүмкін емес. Алдыңғы жылы алынған тұмауға қарсы иммунитет биылғы тұмау вирусынан сақталмайды. Сондықтан жыл сайын егуді тек ағымдағы жылы өндірілген вакцинамен алу қажет. Иммунитет 14 күннен кейін қалыптасады және барлық маусым бойы (12 ай) сақталады.