Еуразиялық иммундау апталығы аясында
- Жарияланды 28.04.2022 11:45
- Қаралды: 456
2022 жылы 28 сәуірде №7 емханада Еуразиялық иммундау апталығы аясында балалар және ересектер корпустарында денсаулық бұрышы ұйымдастырылды. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін иммундаудың маңыздылығы туралы халықтың ақпараттық деңгейін бағалау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Сауалнаманы 120-ға жуық адам толтырды. Сондай-ақ, СӨС дәрігері мен емхананың медбикелері келушілермен консультациялар, әңгімелесулер жүргізді. Вакциналарды егудің маңыздылығы туралы ақпараттық брошюралар таратылды.