Донорлыққа қарсы көрсеткіштер

Қандай жағдайларда  қан тапсыруға қарсы көрсеткіштер болады?

Қарсы көрсеткіштер уақытша және тұрақты (абсолютті) деп бөлінеді. Абсолютті қарсы көрсеткіштерге донорда ЖИТС, АИТВ инфекциясын тасымалдаушылық, мерез, туа біткен немесе жүре пайда болған вирустық гепатиттер, туберкулездің барлық түрлері, бруцеллез, бөртпе сүзегі, сондай-ақ паразиттік аурулары бар адамдарға қан тапсыруға болмайды. Қатерлі ісіктері бар, психикасының бұзылуынан, қан ауруларынан және ОЖЖ органикалық ауруларынан, нашақорлықтан және алкоголизмнен, сондай-ақ есту мен сөйлеу мүшелерінің аурулары бар науқастар да донор бола алмайды. Донацияға жүрек-қан тамырлары ауруларының, тыныс алу органдарының, АІЖ органдарының, бауыр мен өт жолдарының ауыр патологиялары, бауырдың, бүйректің және несеп шығару жолдарының декомпенсация сатысындағы созылмалы аурулары, сәуле ауруы бар азаматтар үзілді-кесілді жіберілмейді. Қан донорлығына абсолютті қарсы көрсетілімдер тізбесіне зат алмасуы айқын бұзылған жағдайдағы эндокриндік жүйе аурулары, көздің күрделі аурулары, терінің қабыну және инфекциялық сипаттағы бірқатар аурулары, жедел және созылмалы остеомиелит жатады. Бұл тізімге кез-келген органның резекциясы туралы хирургиялық араласудың болуы кіреді.

 

Уақытша қарсы көрсеткіштерге татуировка немесе акупунктурамен емдеу болған жағдайда, процедуралар аяқталған сәттен бастап 4 ай өту қажет. Ұзақтығы 2 айдан астам шетелдік іссапарларда болған адам донорлыққа қайтарылғаннан кейін 6 ай өткен соң ғана жіберілуі мүмкін. Безгек эндемиялық елдерде тропикалық және субтропикалық климаттың (Азия, Африка, Оңтүстік және Орталық Америка) болу фактісі анықталса,3 жылға дейін қан тапсырудан шеттетіледі. Қан донорлығына гепатитпен ауыратын науқастармен байланыста болған адамға уақытша қан тапсыруға жол берілмейді.