Дүниежүзілік денсаулық күніні орай іс-шаралар
- Жарияланды 25.04.2022 15:50
- Қаралды: 483
Биылғы жылы «Біздің планета, біздің денсаулығымыз» ұранымен өтіп жатқан Дүниежүзілік денсаулық күнінің мақсаты – халық ішінде адам денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті іс-әрекеттерге белсендіру.
Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін ақпараттық алаң құру мақсатында №37, №60 балабақшаларда «Таза ауа мен су – денсаулық кепілі» тақырыбында емхана мамандарымен интерактивті ойындар өткізілді. Қатысқан бала саны-102. Сонымен қатар, №40, №38 жалпы білім беретін мектептердің 1-11 сынып оқушылары арасында «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау» тақырыбында сынып сағаттары мен сурет байқаулары ұйымдастырылды. 284 бала белсене қатысты.